01 Шілде 2024
Без категорий

Мектеп әкімшілігі

 

 


Бекжанова Гулжас Мамбеталиевна

 

Туркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының  білім бөлімінің «№52 С Бегалин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры.

 

1982 жылы 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданында дүниеге келген. 1988-1998ж аралығында В. И. Ленин атындағы жалпы мектебін бітіріп шықты. 1998ж Жетісай гуманитарлық педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, 2001ж бастауышты оқыту мамандығын аяқтап шыққан. 2004ж Әулие-Ата университетіне оқуға түсіп, 2007ж қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына ие болады. 2004 жылдан бастап №109 С. Бегалин атындағы негізгі мектебінде алғашқы ұстаздық жолын бастаған, 2011 жылдан бастап аталған мектепте мектеп басшысы қызметін атқарып келеді.

 

 


Сакказиев Дауренбек Смаилович

 

Туркістан облысының білім басқармасының Келес  ауданының білім бөлімінің «№52 С Бегалин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

1976 жылы 06 желтоқсан Өзбекстан Республикасы Жизақ обылысында дүниеге жкелген. 1982-1993 жылдар аралығында Ы Алтынсарин атындағы орта мектебін бітіріп шықты.1993 жылы ОҚО Шымкент қаласындағы  Оңтүстік Қазақстан Араб тілі иниститутына оқуға түсіп, 1997 жылы тарих факультетін бітіріп, Тарих пәнің мұғалімі мамандығына ие болған. 2000 жылы Келес ауданы Ы Алтысарин атындағы орта мектебініде алғашқы ұстаздық жолын бастаған. 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

 

 


Кузенбаева Мадина Курбантаевна

 

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданы білім бөлімінің «№52 С. Бегалин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлееттік мекемесі директордың тәрбие ісі жөніндеі орынбасары

 

1968 жылы 16 қараша Оңтүстік облысы Киров ауданы Мақталы совхозында дүниеге келген. 1985 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Г.Решетов атындағы орыс тілі мен әдебиеті институтына түсіп, 1990 жылы орыс тіті мен әдебиеті пәні мұғалімі пәнін бітіріп шықты. 1990 жылы Ы. Алтынсарин мектебіне орыс тілі мен пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 2003 жылдан бастап С. Бегалин атындағы жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жұмысын жасғастыруда. 2016 жылдан бастап директордың тәрбие ісі дөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

 

 


 Кенжебаева Баян Лесбековна

 

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№52 С.Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы

 

1989 жылы 20 тамыз күні Келес ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келді. 1995 жылы №109 «Қаратал» атындағы бастауыш мектебінің  табалдырығын аттап, 2006 жылы №107 Ы.Алтисарин атындағы орта мектебін бітіріп шықты. 2006 жылы Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінің педагог-психолог мамандығына оқуға түсіп 2011 жылы бітіріп шықты. 2019 жылы «№52 С.Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін  мектебі» к.м.м педагог-психолог болып жұмысқа орналасып,Қазіргі таңда өз мамандығы бойынша «№52 С.Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы бойынша қызмет атқарып келеді.

 

 


Жакипбеков Кадирхан

 

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданы  білім бөлімінің «№52 С. Бегалин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлеттік мекемесі  Кәсіптік бағдар беруші педагогі

 

1980 жылы 08 сәуір күні Келес ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келді. 1986 жылы «Қызылжұлдыз» атындағы бастауыш мектебінің  табалдырығын аттап, 1990 жылы №108 Ы.Алтисарин атындағы орта мектебін бітіріп шықты. 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан ашық университетінің заңгер мамандығына оқуға түсіп 2003 жылы бітіріп шықты. 2003 жылы  №109 С.Бегалин атындағы негізгі орта мектебі» к.м.м тарих пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасып, Қазіргі таңда өз мамандығы бойынша тарих пәні мұғалімі және кәсіптік бағдар беруші педагогі мамандығы бойынша қызмет атқарып келеді.

 

 

Курбанбеков Ермек Турарович

 

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданы білім бөлімінің «№52 С. Бегалин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлеттік мекемесінің әлеуметтік педагогі

 

1979 жылы 20 қыркүйек күні Келес ауданы, С.Саттаров ауылында дүниеге келді. 1986 жылы№104 «Ы.Алтынсарин» атындағы жалпы орта мектебінің табалдырығын аттап, 1990 жылы №104 Ы.Алтисарин атындағы жалпы орта мектебін бітіріп шықты. 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан Қазақ-Араб университетінің философия мамандығына оқуға түсіп 2001 жылы бітіріп шықты. 2001 жылы Сарыағаш ауданындағы Қапланбек гуманитарлық агро-экономикалық колледжіне мұғалім болып жұмысқа орналасып, 2004 жылы №109 С.Бегалин атындағы негізгі мектебінде психолог болып жұмыс атқарды. Қазіргі таңда 2017 жылдан бері әлеуметтік педогог мамандығы бойынша қызмет атқарып келеді.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар